Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Ауызашар берді

Ауызашар берді

Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы - берекесі де, кешірімі мол ай. Осы қасиетті айда ораза ұстаған жандар үшін аудан әкімі аппараты атынан бөлім басшылары бірлесіп, Шортанды аудандық орталық мешітте ауызашар берді. Кешкі ауызашарға жиналған жамағатты аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыздарбекұлы Мұхамедин Рамазан айымен құттықтап, рақым айы мен оразаның қадір-қасиетіне тоқталды. Сонымен бірге мешітке аудан әкімдігі атынан сағаттар сыйлады.

Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жандарға да, ауызашар берген адамдарға да үлкен сауап жазылатыны пайғамбарымыздан (с.а.с) жеткен хадистерде анық та қанық жазылған. Бұл айдың сауабы мен шарапаты тек ораза ұстаумен шектелмейді. Бұл айда жасаған амалдарымызға еселеп сауаптан жазылмақ. Сол сауабы мол амалдың бірі - аузы берік жанға ауыз аштыру. Осынау игі дəстүр еліміз өз тəуелсіздігін алғаннан бері кең қанат жайып келеді.

Рамазан айы - Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың қадірлісі. Иісі мұсылман қадір тұтатын қасиетті Құранның алғашқы аяттары да Алла тарапынан Рамазан айында түсіріле бастаған. Сондықтан, Рамазан айы - Құранның құлшылық пен тәуба, кешірімнің айы. Бір ай бойы ішіп-жеуден ғана емес, өтірік-өсек айту, біреуді сыртынан ғайбаттау, бейәдеп сөздер айтып, қылықтар көрсету сияқты адамгершілік қағидаттарына жат әдеттерден аулақ болу керек. Ораза ұстаған адамда Алладан қорқу, оны сезіп тұру, тақуа сезімі пайда болады. Ораза нәпсіні тізгіндеп, жүректі тазартады. Ораза ұстаушының күнәлары кешіріліп, сабырлылығы мен кешірімділігі артады. Аштықты басынан өткізген адам кедейлер мен кембағал жандарға жақсылық істеу керектігін жүрегімен сезініп, түсінеді.

Ауызашар соңына қарай бақилық болған ата-бабаларға құран бағышталды.

басқа жаңалықтар