Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

БІЗ МҰНЫ ЖАСАДЫҚ!

БІЗ МҰНЫ ЖАСАДЫҚ!

«Жас Ақмола» жастар сыйлығының қорытындысы бойынша Шортанды ауданының Жастар Ресурстық Орталығы «Жылдың үздік жастар ресурстық орталығы» атанды!
 

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен 9-шы рет аймақтың белсенді және талантты жастарын марапаттауға арналған «Жас Ақмола» жастар сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Барлығы қатысуға 45 адам өтінім берді. Бірақ олардың 9-ы ғана үздік деп танылды.
Шортанды ЖРО бұл жүлдеге  5 жыл бойы келе жатты.  2018 жыл біз үшін ең табысты болды. Биыл алғаш рет облыстық деңгейде «Ақмола Жас Барысы» өткізілді. Сондай-ақ, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Шортанды Аруы -2018», «Отбасы – бұл өмір аясы» отбасылық-музыкалық байқауы, ҚР Астана күніне арналған «Астана - болашақ қаласы» КТА сияқты жақсы жетістікпен өткен іс-шараларды ескеру қажет.  Сонымен қатар, биылғы жылы Шортанды ауданының аумағын дамыту бағдарламасының 100 пайызы орындалды, мұның өзі  «Жасыл ел» жалпыұлттық идеясына тартылған жастардың үлесі. Бұл біздің орталықпен жүргізілетін жұмыстың бір бөлігі ғана. Өйткені, ЖРО әрқашан жастарға қолдау жасайды, сонымен қатар Шортанды ауданының жастарын дамыту үшін үнемі іс-шаралар өткізеді.
Еліміздің болашағы - қазіргі жастардың қолында. Қазақстан Президенті жақында өткен үндеуінде 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Және біз алдағы жыл да табысты болады және көптеген жеңістер әкеледі деп үміттенеміз. 
 

басқа жаңалықтар