Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Қоғамдық қауіпсіздік сақшысы

Қоғамдық қауіпсіздік сақшысы

6 қараша күні Шортаны ауданында Ақмола облыстық Полиция Департаментінің ақпараттық үгіт-нәсихат тобы болып, шортандылықтармен кездесті. Ақпараттық  үгіт-нәсихат тобы аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен, полиция ардагерлерімен, жасөспірімдермен кездесіп, Елбасының биылғы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының басым бағыттарымен, соның ішінде құқық қорғау органдарына қатысты айтылған жаңалықтармен таныстырды.
 

Қазақстан полициясы – қазақстандықтардың тыныштығы мен құқығын, қауіпсіздігін қорғайтын бірден бір орган. Сондықтан да бұл салаға қай кезде де болмасын көңіл бөлініп келеді. Полиция қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету, әлеуметтік әлеуетін арттыру жөнінде Ақмола облыстық Полиция департаментінің кадр жұмысы Басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Аяғөз Қалиева айтып өтті. Сонымен бірге ол өз сөзінде осыдан былай аудандық ішкі істер бөлімдері  енді полиция бөлімдері деп аталатындығын айтты. «- Біз осыдан екі жыл бұрынғы Елбасының «100 қадам» ұлттық бағдарламасында жүктелген міндеттерді толығымен аяқтадық. Бұл полиция қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, халық пен полицияның ара-қатынасын жақсартып, тұрғындардың полицияға деген сенімін арттыру бағытындағы тапсырмалар болатын», - деп атап өтті.
Кездесу барысында шортандылықтар Полиция департаменті вокалдық тобының шағын концерттік бағдарламасын тамашалады. 
Шортандыдағы кездесуден соң ақпараттық үгіт-нәсихат тобы Дамса ауылындағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барып, ондағы тұрғындарға шағын сыйлықтар табыс етіп, концерттік бағдарлама ұсынды.
 

басқа жаңалықтар