Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Мұз қалашығы ашылды

Мұз қалашығы ашылды

24 желтоқсан күні Шортанды кентіндегі орталық алаңда Мұз қалашығы салтанатты түрде ашылды.
 

Жыл сайын Рождество мерекесі қарсаңында ауданда мұз қалашығын ашу дәстүрге айналған. 24 желтоқсанда аудандық орталық алаңда ертегілер әлеміне жетелейтін Мұз қалашығы ашылды. 
Мұз қалашығына Аяз ата мен Ақша қар қоңыраулатып келіп, көрермен көптің көңілін көкке көтерді. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, алдағы жаңа жылда табыс тіледі.
Биылғы Мұз қалашығы жаңа мұз мүсіндерге толы болды. Бұл мерекеде ерекше қуанышқа бөленген балғындар. Аяз беттерін қарыса да алаулаған жүздері шаттыққа толы. 
Мереке соңы Шортанды аспанын түрлі түске бояған отшашулармен жалғасты.
 

басқа жаңалықтар