Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Нақты егіншілік бойынша кеңес береді

Нақты егіншілік бойынша кеңес береді

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына нақты егіншілік әдістерін енгізу бойынша кеңесші Волькмар Хербст келді. Орталықта германиялық маманның қатысуымен дөңгелек үстел-семинар өтті.

Басқосуда Германия және басқа да елдердегі нақты егіншілік жүйесін пайлану тәжірибесі сөз болып, фермерлік шаруашылықтарда нақты егіншілік технологиясының практикалық қолданыстағы мәселелері талқыланды. Семинарға АШҒӨО-ның нақты егіншілік бойынша мамандары, ауыл шаруашылығы техникасы мен IT-технологияларды жеткізуші-компания өкілдері және фермерлер қатысты.
Жоспар бойынша В.Хербст А.Бараев орталығындағы пилоттық жобада іске асып жатқан нақты егіншілік технологиясымен танысып, осы саланың мамандарымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге, ол картография, ұшқышсыз ұшатын аппараттардан және спутниктен алынған суреттер мен мәліметтерді өңдеу, егістің фитосанитарлық жағдайын IT-технологиялар көмегімен бақылау жайындағы сауалдарға жауап беріп, тәжірибесімен бөліспек. 3 күнге созылатын шараның қорытындысы ретінде германиялық маман АШҒӨО-да қолға алынған нақты егіншілік жүйесін практика жүзінде енгізу туралы кеңес беріп, әріптестік бойынша өз ұсыныстарын ұсынады.

басқа жаңалықтар