Қазақ
USD 367,06
EUR 416,17
RUB 5,56
Акмолинская область

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін xалыққа түсіндіру мақсатында аудандық мәслихат депутаты, "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Қожамсейітов еңбек ұжымдарында кездесу өткізді.

Кездесулер "Қазпошта" АҚ Шортанды АПБТ, ҚР АШМ Ветеринарлық қадағалау мен бақылау комитетінің Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы - Шортанды аудандық бөлімшесінде, Дамса ауылындағы «Балауса» балабақшасында өткізілді. Кездесу барысына А.Қожамсейітов Елбасы бастамалары елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін атап өтті. Әсіресе бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты Президенттің бірінші бастамасы қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағыты бойынша білім алған жастарымыз келешекте ел экономикасын жаңа деңгейге көтеріп, оның үдемелі инновациялық дамуының драйверіне айналуға септігін тигізері анық» - деп ойын түйіндеді. Кездесуді қорытындылай келе өзара пікір алмасып, барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар өткен аптада облыстық мәслихаттың депутаты Ө.С.Құрымбаевтың қатысуымен Новоселовка орта мектебінің, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Е.Мұқанованың қатысуымен Жолымбет №2 орта мектебінің ұжымдарымен және «Қазақалтын» АҚ ТКМ Жолымбет кенішінің қызметкерлерімен Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын түсіндіруге арналған кездесулер өткізілді.

басқа жаңалықтар