Қазақ
USD 376,73
EUR 427,36
RUB 5,75
Ақмола облысы

«Ел тірегі — Елбасы»

«Ел тірегі — Елбасы»

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында Шортанды аудандық Мәдениет үйінде жергілікті талантты суретші Бектас Кәрімнің "Ел тірегі — Елбасы"атты көрмесі ашылды. 
 

Оның суреттері тәуелсіз Қазақстанның рәміздері, сондай-ақ Ұлы даланың ерекше рухы, көшпелі халықтың бай мәдениетінің өмірі мен дәстүрі бейнеленген үлкен әлем. 
 Бір кенептен келесі кенепке өткенде, әр бөлшегін қарастырғанда құлпырып тұрған шөптің, жас биелердің өз құлындарын емізген сүтін, шексіз даланың иісін сезгендей боласың. Ал аспанға қарағанда сәулесін жадыратып тұрған күннің шуағы, қос қанатын жазып, көкке ұмтылған бүркітті көргендей боласың. 
Бектас Кәрім - 2017 жылы Монғолия Республикасында өткен "Көшпенділер" халықаралық көрмесінің Гран-при жүлдегері. Ал жақында оның жұмыстары АҚШ-та "ТНЕ SEASONS" атты көрмеде ұсынылып, кітапқа енді, бұл көрмеде ол күміс медальмен және сертификатпен марапатталды.
 

басқа жаңалықтар