Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Екінші орынға ие болды

Екінші орынға ие болды

10-14 сәуір аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының кубогы үшін муай-тай жекпе-жек түрінен дүбірлі дода өткен еді. Аталмыш жекпе-жек сайысында жерлесіміз Егінбаев Бақытжан 2 орын жүлдегері атанып, шортандылықтардың шоқтығын биіктен көрсетіп келді.

Ауданымызда муай-тай шығыс жекпе-жек спорт түрінің ашылғанына көп болмаса да жерлестеріміз түрлі сайыстарда саңылақ атанып, жеңіс шыңынан көрініп келеді. Есенаманов Жандос жаттықтыратын тайбоксшыларымыз тағы бір мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының кубогы үшін өткен сайыста Егінбаев Бақытжан 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде 2 орын иегері атанды.

Жерлестеріміздің жеңісті жолы жалғасты болғай дейміз!

басқа жаңалықтар